Павлодардағы рефрижераторлық контейнерлер
Температуралық режимі -30-дан +15 градусқа дейінгі рефрижератор контейнерлер.
Үздіксіз электрмен жабдықтау (негізгі және апаттық).
Рефрижераторлық контейнердің салқындатқыш қондырғысы 3 режимде жұмыс істей алады:
- Қыздыру (камерада +2°С жоғары температураны ұстап тұру) ТЭНдермен немесе салқындатқыш қондырғының кері цикл бойынша жұмысымен қамтамасыз етіледі;
- Салқындату (температураны +2-ден -10°С-қа дейінгі диапазонда 0,1°С дәлдікпен ұстап тұру);
- Мұздату (жүкті салқындату және температураны -10-нан -30°С-қа дейінгі диапазонда 0,1°С дәлдікпен ұстап тұру).
Рефрижераторлық контейнерлерде балық пен теңіз өнімдерін, ет және ет өнімдерін, сүт өнімдерін, парфюмериялық тауарларды, дәрілік препараттарды, жемістерді, көкөністерді, гүлдерді және т.б. сенімді сақтауға болады.
Сондай-ақ, бізде Сіздің бухгалтеріңіз немесе қойма меңгерушісі үшін жұмыс орнын жасауға мүмкіндік беретін кеңсе үй-жайлары бар.