Павлодар қ.
Торговая көшесі 11/6
Қоймада сақтау аутсорсингі

«AS Logistic» ЖШС – Павлодардағы қойма қызметін ұсынатын жетекші операторлардың бірі, 3PL операторы.

Компания ірі және орта бизнес үшін қойма логистикасы аутсорсингі бойынша кешенді 3PL қызметтерін көрсетеді. Павлодардағы сенімді 3PL операторы ретінде, алдыңғы қатарлы өндірістік және сауда компаниялары өздерінің қойма логистикасын басқаруды бізге сеніп тапсырады. 3PL қоймаларында қосалқы бөлшектер, үй мен жөндеуге арналған тауарлар, тұрмыстық техника мен электроника, балаларға арналған тауарлар, жануарларға арналған жемдік қоспалар және т.б. өнімдер сақталады.

Қоймада тауарлар мен жүктерді сақтау және аутсорсинг қызметтерінің сенімділігі мен уақытылы орындалуы — шығындарды азайту мен жеткізу тізбегінің тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі. Қойма қызметтеріне тауарларды жауапты сақтау және қосымша қызметтер, соның ішінде қоймада сақталатын тауарларды өңдеу жатады.

Біз жеткізу тізбегін толық басқаруға дейінгі қойма қызметтерінің толық кешенін ұсынамыз:

  • Жүктерді стеллаждық және едендік сақтау жүйелерін қолдана отырып қоймада сақтау;

  • Арнайы температуралық режимді талап ететін тауарларды жауапты сақтау;

  • Қоймада ірі габаритті емес (негабаритті) жүктерді сақтау;

  • Кросс-докинг операциялары;

  • Паллеттелген және сусымалы жүктерді тиеу-түсіру;

  • Қорларды басқару: қорларды мерзімді/циклдік түгендеу (инвентаризация), шағымдар бойынша зерттеу жүргізу;

  • Тұғыр (поддон), қаптама немесе дана бойынша іріктеу;

  • Қоймада жиынтықтарды жасақтау;

  • Клиент үшін есептер құрастыру;

  • Қойма логистикасы бойынша қызметтердің бүкіл кешені.

«AS Logistic» компаниясының әртүрлі бизнес бағыттары үшін қойма логистикасын ұйымдастыру саласындағы үлкен тәжірибесі бүгінгі күні сіз үшін ең тиімді қоймалық логистикалық шешімдерді таңдауға және дәл сіздің бизнесіңізге сәйкес келетін кез келген процестер үшін үй-жайлар ұсынуға мүмкіндік береді.

Кеңес алуға өтінім қалдырыңыз
Біз қойма аутсорсингі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып береміз