Павлодар қ.
Торговая көшесі 11/6
Авторампа қызметтері

«AS Logistic» ЖШС авторампа көмегімен тиеу-түсіру қызметтерін ұсынады.

Авторампаның артықшылықтары:

* Мобильді құрылым;
* Үш жақты түсіру мүмкіндігі (үш бүктелмелі аппарель);
* Өлшемі: 12 м х 2,4 м;
* Көлбеу бетінің ұзындығы: 9 м;
* Көлденең бетінің ұзындығы: 3 м;
* Жұмыс биіктігі: 1,1 м (мин) – 1,6 м (макс);
* Максималды жүк көтергіштігі: 10 000 кг;
* Жұмыс жүк көтергіштігі: 7 000 кг;
* Жұмыс температурасының диапазоны: -40°С-тан +60°С-қа дейін.

Мобильді эстакаданың жұмыс кезеңдері:

1. Автожүктегіш тиеу эстакадасына жақындап, шетін сәл көтеріп, қатты тіркеме арқылы оны қажетті орынға жылжытады.
2. Жүктегіш операторы көтеру жүйесінің көмегімен рампа пандусын жоғары көтеріп, қызмет көрсетілетін автомобильдің немесе жүк теміржол вагонының шанағының шетімен сәйкестендіреді.
3. Рампаны тоқтату жүйесімен мықтап бекітеді.
4. Автожүктегіш тиеу немесе түсіру жұмыстарын орындауға кіріседі.

Консультацияға өтінім қалдырыңыз
Авторампа көмегімен тиеу/түсіру қызметі туралы толығырақ, сондай-ақ өзекті бағаларды біліңіз