«AS Logistic» ЖШС-нің 3 теміржол тұйығы бар:
-
бір мезгілде 10 вагонға дейін қабылдауға мүмкіндік беретін, тж пандусы бар және қоймаға тікелей кіре алатын жабық теміржол терминалы бар тұйық;
-
бір мезгілде 35 вагонға дейін тиеу майданы бар, бетон және асфальт төселген контейнерлік алаңы бар сыртқы теміржол тұйықтары;
-
бір мезгілде 40 вагонға дейін орналастыруға болатын вагондар тұратын жолдар.
Биздің компания тж вагондарынан жүктерді түсіру, тиеу және ауыстырып тиеу қызметтерін тікелей автомобиль көлігіне де, өзіміздің уақытша сақтау қоймамызға (УСҚ) немесе терминал аймағына да ұсынады.
Жолдар лебедкалармен және өртке қарсы жабдықтармен жарақтандырылған. Аумақтағы жолдардың жалпы ұзындығы 1625 метрді құрайды.
ТЖ тұйықтарында тәулік бойы күзет, жарықтандыру және бейнебақылау жұмыс істейді. Сондай-ақ аумақта қатаң өткізу режимі қолданылады.